Жыл жетістігі: Шымкентте 552 отбасына тұрғын үй сертификаты берілді

Биыл Шымкентте 552 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды.

Қайтарымсыз әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 121 көпбалалы отбасы, 51 толық емес отбасы, 104 ерекше бала асыраушы отбасы, 153 бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, 27 кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 96 бюджеттік ұйым қызметкері бар.

Мемлекеттік бағдарлама аясында несие негізінде тұрғын үйді сатып алуда бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу мақсатында берілетін сертификаттар бойынша бөлінген қаражаттың толығымен игерілуіне байланысты өтінімдер қабылдау биылға аяқталды.

Тұрғын үй сертификаттары 2019 жылы 21 азаматқа, 2020 жылы 101 азаматқа, 2021 жылы 416 отбасына, 2022 жылы 58 азаматқа, 2023 жылы 148 азаматқа тұрғын үй сертификаттары  берілген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

В Шымкенте с начала года 11 690 человек были вовлечены в мероприятия по обеспечению занятости.

В городе Шымкент в 2025 году планируется вовлечь в мероприятия по обеспечению занятости всего 49 567 человек. По состоянию на ...

Шымкентте жыл басынан бері 11 690 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды

Шымкент қаласында 2025 жылы барлығы 49 567 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 19 мамырына дейін бұл көрсеткіштің ...