Жыл жетістігі: Абай ауданында 95 көшеге асфальт төселді

Абай ауданында биыл инфрақұрылымды жақсартуда жүйелі жұмыстар атқарылды. Ауданда 95 көше асфальттеліп, 4 магистраль көше күрделі жөндеуден өтті. 245 көше жарықтандырылып, 24 көшеде ирригациялық арықтар жаңартылды.

«Халық қатысатын бюджет» аясында жаңа гүлзарлар мен ойын алаңшалары салынды: 1 гүлзар, 18 ойын алаңшасы және 2 спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне берілді. Бұдан бөлек демалыс орнының құрылысы аяқталды. Шымсити, Ақжайық және Қызылжар шағын аудандарында 5 мурал салынды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...