Жолдау: Түлкібас ауданында ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 86 пайыздан артып отыр

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі инфрақұрылым саласында оң өзгерістер керектігін айтқан болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түлкібас ауданында тұрғындардың өтініші негізінде ішкі тозығы жеткен жолдарды ретке келтіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді.

Биылдың өзінде аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың халық алдындағы есептік кездесулері мен жеке қабылдауларында көтерілген аймақтағы 9 елді мекеннің 26 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәселен, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Ақбиік, Жабағылы, Кемербастау, Керейт, Қараағашты және Елтай елді мекендерінің 19 көшесі республикалық бюджет есебінен, Т.Рысқұлов, Рысқұл және Таусағыз елді мекенің 7 ішкі көшесі аудандық бюджет есебінен жөнделіп, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Нәтижесіне аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 86,2 пайызға артып отыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы көп жылдан бері Сарытөр, Құлан елді мекендері тұрғындарының көкейінде жүрген аудан орталығымен байланыстырып тұрған облыстық маңызы бар 18,3 шақырымды құрайтын КХ-70 «Т.Рысқұлов-Құлан-Сарытөр» бағытындағы автожолды жөндеу жұмыстары бастау алды. Нысан келесі жылға өтпелі.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...