Д.Сатыбалды бір топ инвестормен келіссөз жүргізді — Xnews — ақпарат агенттігі

Д.Сатыбалды бір топ инвестормен келіссөз жүргізді

Түркістан облысына инвестиция тарту, жаңа зауыттар мен өндіріс орындарын ашу бағытында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бір топ шетелдік инвестор мен кәсіпкерді қабылдап, келіссөздер жүргізді.

– Тарихы тереңде жатқан Түркістанға қош келдіңіздер. Алты жыл бұрын Түркістан облысы құрылып, аймақтың жаңа даму жоспары жасалды. Мақсатымыз – тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, өңірдің экономикасын көтеру. Осы мақсатта бірнеше мемлекетке барып, келіссөздер жүргіздік. Байланысқа, әріптестікке әрдайым ашықпыз. Өңірімізде қолайлы бизнес-климат қалыптасқан. Арнайы экономикалық аймақ, индустриалды аймақтар бар. «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы жүзеге асырылуда. Инвесторларға тез жобасын жүзеге асыруға жағдай жасалған, – деді Дархан Сатыбалды.

«Shaanxi Zhonghuang Huancheng Technologi Co., Ltd» компаниясының бас директоры Ли Хайнан жоғары деңгейде қарсы алып, жобаларды талқылауға мүмкіндік тапқан облыс әкіміне алғысын білдірді. Кәсіпкерлер Түркістан қаласының сәулетіне, инвестициялық әлеуетіне жоғары бағаларын берді. Бірнеше сала бойынша әріптестік орнатуға дайын екендерін жеткізді.

Айта кетейік, Түркістан облысында алғаш рет 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы жүзеге аса бастады. Жоба аясында 308 млрд. теңге инвестиция тартылып, 151 өндірістік ғимарат салынады (10 нысан салынды). 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады деп күтіліп отыр. Сонымен бірге Арнайы экономикалық аймақта да маңызды жобалар жүзеге асырылмақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...