Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдан бері дәйекті түрде жүргізіп келе жатқан, идеологиялық сипаты «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында көрініс тапқан саясаты басты бес тұжырымға негізделген. Президент оның әрқайсысын әртүрлі кезеңде ұсынып, саяси өмірге біртіндеп енгізіп келеді.
Үшінші тұжырымға тоқтала кетсем – «Заң және тәртіп» әділдік орнатудың әдіс-тәсілдерін айқындайды, яғни «Әділдікті қандай жолмен орнатамыз?» деген сауалға жауап береді. Заңды мүлтіксіз сақтау, баршаның заң алдында тең болуы, ең бастысы заң бұзған адамның қалайда жазасын алуы – қоғамда әділдікті орнықтырудың басты шарты. Осының бәрін іс жүзінде орындау өте маңызды. Бұл, әсіресе, тұрмыстық-отбасылық зорлық-зомбылыққа, жемқорлыққа қарсы күреске қатысты оқиғалардан айқын көрінеді. Қылмыс жасаған адамның лайықты жазалануы – әділ сот төрелігі қағидатының көрінісі ғана емес, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне және тұтас мемлекетке деген сенімінің көрсеткіші. Бұл ретте мына жайтты түсініп алған жөн. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – мемлекеттің ғана міндеті емес. «Заң және тәртіп» қағидатының қоғамда орнығуына барлық азамат ұдайы атсалысуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры З.Туленова, ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры Б.Сүйінбай және қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры Е.Рүстембаев Департаменттің қызметі туралы және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz ақпаратттық порталының бөлімдеріне қысқаша шолу жасады.
З.Туленова Мемлекет басшысы «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумында сөйлеген сөзінде, біздің еліміз көптеген дамыған елдерден озып, БҰҰ-ның ең цифрланған мемлекеттерінің топ-30 рейтингіне кіретінін атап өтті.
Е.Рүстембаев қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы құқықтық статистикалық мәліметтерді, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалғандарды географиялық карта түрінде қарау; кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық жауаптылыққа тартылғандар, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер, адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы атап өтті.
Интернет браузерді қолдана отырып, https://qamqor.gov.kz/ сілтемесі арқылы ақпараттық порталына қол жеткіземіз.
qamqor.gov.kz ақпаратттық порталы негізгі жолданымдар, тексерулер, іздестіру және ақпарат секілді төрт бөліктен тұрады.
Атап айтқанда қазіргі таңда азаматтарымызбен жиі қолданылатын және пайдалы ақпарат беретін негізігі терезелеріне тоқталатын болсақ олар:
Зардап шеккендермен болған ЖКО-ға қатысы бар автокөлікті тексеру. Азаматтарымызға зардап шеккен жол-көлік оқиғаларына қатысқан көлік құралдары туралы ақпарат алуға өте қолайлы. Ол үшін тек көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі мен шанақ нөмірін ашылған терезге енгізе отырып керек ақпаратқа қол жеткізуге болады.
Келесі терезелердің бірі Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған тұлғалардың тізілімі. Мұнда сот әрекетке қабілеттілігі, әрекетке қабілетсіздігі немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі туралы мәртебені тексеру мүмкігшілігі қарастырылған. Ол үшін әр азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке куәлік нөмірі және куәліктің берілген күнін көрсете отырып анықтама аласыз.
Бизнес субъектілерін заңсыз тексерулерден қорғау және алдын алу мақсатында «Тексеруді тіркеу туралы ақпарат» терезесінде тағайындалған тексерудің заңдылығын көру қарастырылған. Мұнда Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда бақылау және қадағалау органдарының тексерулерін тіркеу туралы ақпаратты көруге болады. Толығырақ айтатын болсақ, қадағалау органдары ұсынған тексеру тағайындау туралы актісі немесе прокуратура органдары қаулысының нөмірін жаза отырып, тексерудің уәкілетті органда есепке алынған туралы мәліметті көруге болады. Тексеру актісінің нөмері табылмаған жағдайда, тексерудің заңсыз екендігін назарыңызға жеткіземіз.
Қазіргі таңда Ақпарат бөліміндегі Географиялық карталар терезесінің қылмыс және апат карталары азаматтармен кеңінен қолданылады. Қылмыс картасына толығырақ тоқталатын болсақ, қылмыс картасында Республика бойынша қылмыстылықтың жай-күйін көресіз, яғни азаматтар өзінің тұрғылықты жерінде немесе қызықтырған аймақтағы қылмыстылықтың денгейін көруге болады.
Қылмыс картасы атақты krisha.kz сайтымен интеграцияланған. Азаматтар баспана алу барысында сол ауданның қылмысытлығын қарай отырып, болашақ тұрғылықты мекен-жайында жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.
Осылайшы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz ақпаратттық порталының азаматтармен кеңінен қолданылатын бөлімдеріне қысқаша шолуымыз аяқталды.
Қорытындылай келе, Сіздерден қоғамдағы заңдылық пен тəртіпті мүлтіксіз сақтап, кез-келген құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті
#Заңжəнетəртіп хештег