2024 жылдың 11 айында Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4,3 трлн теңгеге жетті

2024 жылы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі салалар бойынша оң өсімге қол жеткізілді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі 4,3 трлн. теңгеден асты. қысқа мерзімді экономикалық өсім 109,8%-ды құрады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы Жолдауында экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуды тапсырды. Инвестиция тарту жұмысын күшейту керектігін айтты. Түркістан өңірінде осы бағытта нақты жұмыстар атқарылды.

Өнеркәсіп саласында 1 078,6 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109 %-ға артты. Өсімге негізінен тау-кен және өңдеу өнеркәсібі есебінен қол жеткізілді. Биыл өңдеу саласында 25 млрд. теңгеге 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, 11 айда 12 жоба іске қосылып, жұмыс орындары ашылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Елімізде 2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі

2025 жылдың 18 шілде күні ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...