Түркістандық екі студент «Worldskills Kazakhstan – 2024» республикалық чемпионатында алтын иеленді

Астана қаласында 11 және 18 қараша аралығында өткен «WorldSkills Kazakhstan – 2024» республикалық чемпионатының жеңімпаздары анықталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар 29 құзыреттілік бойынша бақ сынасты. Республикалық сайыста Түркістан облысының колледж студенттері 2 алтын, 1 күміс, 4 қола және 11 ерекше медальонға ие болды. Ал республика бойынша жалпы командалық есеппен Түркістан облысы 6 орыннан көрінді.

Нақтырақ айтқанда, «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің студенті Жанерке Сауран І орынды және «Сырлау және әрлеу жұмыстары» құзыреттілігі бойынша Кентау көпсалалы коледжінің студенті Жанар Серік І орынды жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің намысын қорғаған Нурдавлат Жалолов иеленді. «Бастауыш білім беру» құзыреттілігінен Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінің студенті Айым Момбекова, «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінен Оразәлі Егізбай, «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің студенттері Айдын Ермахан мен Ернұр Дүйсенбек, «Плитка жапсырудан» Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледж студенті Мухаммадали Авазханов ІІІ орынды місе тұтты.

Бұдан бөлек, Түркістан облысының намысын қорғап барған 11 студент арнайы медальондармен марапатталды.

x

Check Also

Түркістан облысында «Созақтан — Түркістанға» атты экспедиция ұйымдастырылды

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Елтану» мәдени-ағарту жобасы аясында этнос жастарының қатысуымен «Созақтан Түркістанға» атты арнайы экспедициясы ...

Түркістан облысында ветеринария саласы қызметкерлеріне 85 көлік тапсырылып, су шаруашылығы өкілдеріне құрмет көрсетілді

Елімізде 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні, ал 10 шілде Ветеринариялық қызметкерлері күні болып бекітілген. Осыған орай Түркістан облысында ...