Түркістандық делегация Түркияда

Түркістандық бір топ делегация Түркия елінің Стамбул қаласында арнайы инвесторлармен келіссөздер жүргізуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іссапар барысында ірі өндіріс орындарын аралап, инвесторлармен G2В кездесулер өткізіп жатыр. Олардың қатарында әлемдік алпауыт кәсіпорындар да бар.

Сондай-ақ, делегация мүшелері бүгін арнайы Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажанның қабылдауында болып, жұмыс барысы мен жобаларды талқылады.

Сапар барысында Түркістан қаласы мен Стамбул, Габзе қалаларының кәсіпкерлік сала өкілдері арасында екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қою жоспарлануда.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...