Түркістандық делегация Түркияда

Түркістандық бір топ делегация Түркия елінің Стамбул қаласында арнайы инвесторлармен келіссөздер жүргізуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іссапар барысында ірі өндіріс орындарын аралап, инвесторлармен G2В кездесулер өткізіп жатыр. Олардың қатарында әлемдік алпауыт кәсіпорындар да бар.

Сондай-ақ, делегация мүшелері бүгін арнайы Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажанның қабылдауында болып, жұмыс барысы мен жобаларды талқылады.

Сапар барысында Түркістан қаласы мен Стамбул, Габзе қалаларының кәсіпкерлік сала өкілдері арасында екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қою жоспарлануда.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...