Түркістандағы «Жасыл белдеуде» ағашты күтіп-баптау, толықтыру жұмыстары жүргізілуде

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында күзгі тал егу, тазалық жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Бүгін экологиялық шара аясында ауқымды сенбілік өтті. Әуежай бағытындағы жолдың бойы жаңа көшеттермен толықтырылып, тіректерді жөндеу және жабайы шөптерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы 240 га жерге түрлі ағаш көшеттері отырғызылған. Олардың қатарында боз арша, жай арша, қарағаш, терек, айлант, жиде, тұт, бадам секілді көшет түрлері бар.

Аталған шараға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы және облыстық ветеринария басқармасы мен «Жасыл аймақ» мекемесінен жалпы 3 мыңнан аса адам қатысып, 200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес облысымызда күз және көктем мезгілдерінде ағаштар егу дәстүрге айналып келеді. Тереңдігі мен тамырының орналасуы бақылауда. Ауа райының ерекшелігін есепке алып, ағаштардың жерсіну көрсеткішін арттыруға жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында қала айналасынан жасыл желекті алқап құрылған болатын. Бүгінгі таңда «Жасыл белдеуде» толықтыру және күтіп-баптау, қала аумағын тазалау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда, – деді басқарма басшысы Қайрат Абдуалиев.

Айта кетейік, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, күзгі көгалдандыру жұмыстары қараша айының ортасында басталған болатын. Бұл жұмыстар 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Сонымен қатар биыл күз айларында өңірде 467 мың түп көшет егіледі деп күтілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...