Түркістанда С.Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойы аталып өтілді

Қазақ ақыны, драматург және Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мерекелік іс-шара өтті. “Сәкен тұлғасы тарих төрінде» тақырыбындағы мерекелік шараның басы ұлы тұлға жайлы деректі фильммен бастау алды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерейлі мерейтойға мектептің ашылған кезінен бастап еңбек еткен мектеп басшылары мен ардагер ұстаздар және өрісі кең түлектер, БАҚ өкілдері қатысты. Мектеп ұжымы мен қадірменді қонақтарды айтулы күнмен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы заңғар тұлғаның елінің жарқын болашағы үшін жасаған еселі еңбегін айтып өтті.

Шараның негізгі бөлігінде мектептің көркеюіне өзіндік үлесін қосқан оқу-тәрбие ісіне аянбай еңбек еткен, оқушыларды мәпелеп алтын ұядан ұшырған мектеп басшыларына арнайы мерейтойлық төсбелгі табысталды. Сондай-ақ, “Тағылымға толы білім ордасы” кітабының тұсауы кесілді.

Еліміз бойынша 33 мектеп жазушының атымен аталады. Соның бірі – облыс орталығы Түркістан қаласында орналасқан. Білім ұясы 1971 жылы 15 қарашада пайдалануға берілді. Мектептің алғашқы директоры Жарқынбек Құлбайымбетовтің айтуынша, мектеп-лицей күні бүгінге дейін қаламыздағы алдыңғы қатарлы білім ошағы ретінде танымал.

Рая Ибадуллаева басшылық жасап отырған мектепте қазіргі таңда 922 оқушы білім нәрімен сусындауда. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін 126 мұғалім аянбай еңбек етуде. Оның ішінде 3 мұғалім “Ы.Алтынсарин” медалінің иегері.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...