Түркістанда қазақ күресінен әлем кубогі басталды

Бүгін Түркістан қаласындағы «Олимпик Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Әлем кубогінің алғашқы күні өтуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Польша, Қытай, Әзербайжан, Моңғолия және Тәжікстан сынды 9 елден келген 150-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларды анықтауда. Балуандар 8 салмақ дәрежесінде: 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 келіде белдеспек.

Бұл турнир қазақ күресінің халықаралық аренадағы беделін арттырып, төл спорт түрімізді әлемге танытуда маңызды қадам болып табылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар қарастырылған. Сонымен қатар, жеңімпаз спортшылардың жаттықтырушыларына да арнайы сыйақы беріледі.

Қазақ күресінің мәртебесін көтеретін халықаралық деңгейдегі бұл турнир 26 қарашаға дейін жалғасады.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...