Түркістанда «Экономикалық қауіпсіздік: «Қаржылық сауаттылықты арттыру және тәуелділікпен күрес» тақырыбында форум өтуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Экономикалық қауіпсіздік: «Қаржылық сауаттылықты арттыру және тәуелділікпен күрес» тақырыбында форум өтуде

Түркістанда Қаржылық мониторинг агенттігінің үйлестіруімен, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп. Экономикалық қауіпсіздік: «Қаржылық сауаттылықты арттыру және тәуелділікпен күрес» республикалық форумы өтіп жатыр.

Форумның мақсаты – халық арасында қаржылық мониторинг органдарының оң имиджін қалыптастыру, «AML ACADEMY» қаржылық мониторинг академиясының әлеуетін көтеру, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, жастар арасында құқықтық ақпараттық цифрлық мәдениетін қалыптастыру, ойынқұмарлықпен қаржылық пирамидалардың алдын-алу және кибергигиенаны сақтау әдетін қалыптастыру.

Форумға қала әкімі, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, қоғамдық пікір көшбасшылары, спортшылар, «Жастар ресурстық орталықтары», Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің волонтерлары, ҚР Мәдениет қайраткерлері, танымал кино және театр жұлдыздары, медиа тұлғалар, оқытушы-профессорлар, дін өкілдері қатысты.

Аталған форум аясында флэшмоб, панельдік сессиялар интеллектуалды ойын және Гала-концерт өткізіледі. Флэшмоб Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығы, О.Жарылқапов атындағы орталық стадион, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті және Халықаралық туризм және меймандостық университеттерінде ұйымдастырылды.

Форумда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев сөз сөйлеп, жастарды жат әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Түркістан облысы аумағында орналасқан 1000 мектеп және 50 колледждің 500 мыңнан астам шәкірті бір мезетте өздерінің лудомания және синтетикалық есірткіге қарсы екендерін жеткізіп, челленджді еліміздің өзге өңірлеріне жолдады.

Форум соңында Түркістан облысының экономикалық қауіпсіздігін сақтауда елеулі еңбек еткен азаматтарға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...