Түркістанда жалпықалалық сенбілікте он мың көшет егілді (видео)

Түркістанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды 24kz.

Оған ардагерлер ұйымы, мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, коммуналдық сала қызметкерлері, тұрғындар мен кәсіпкерлер қатысты. Табиғат жанашырлары қала көшелері, көпқабатты тұрғын үйлер мен балалар ойын алаңдарын қоқыстан тазартты. «Руханият» саябағына 10 мың көшет егіп, ағаш түптерін әктеді. Сенбілікке мыңнан астам адам атсалысып, 28 арнайы техника тартылды.

Еркінбек Байтілесов, қала тұрғыны:
— Бұл жер тастақ деген жер болатын. Жердің бәрі карьер, тас, адам жүріп-тұруға мүмкіншілік жоқ еді. Қазір мінекей, бәрі тегістеліп, саябақ болы. Осы жерді тазалап, тал егіп, болашағымызға үміт күттіретін жағдайда жүрміз.

Смадияр Сабиров, қалалық инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары:
— Жақын маңдағы тұқым бақтардан ағаш алдырдық. Осы өзіміздің жерге бейімделген ағаштар. Бүгіннен бастап ағаш егу науқанын аштық. Қараша айының 20-ына дейін қала аумағына 40 мыңнан астам ағаш егілетін болады.

© «24kz» телеарнасы

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...