Түркістанда ерекше жандарға жігер берген іс-шара өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда ерекше жандарға жігер берген іс-шара өтті

Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен кезекті игілікті шара өтті. “Жігер” абилитациялық іс-шарасының мақсаты – ерекше қажеттілігі бар жандарды шабыттандыру, жаңа мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсету.

Іс-шараға қатысушылар пауэрлифтинг, пара күрес, шахмат, қол күресі және бочча спорт түрінен жарысты. Одан бөлек, жобаның екінші бөлімінде мүгедектігі бар өнерпаздар сахна төрінде ән шырқап, би билеп, өлең оқыды. Сонымен бірге мүгедектігі бар табысты тұлғалардың қатысуымен TEDx форматындағы сессия ұйымдастырылды.

«Достық» үйінде өткен шарада Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашев қатысушыларға жылы лебізін арнады. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықпаев қатысушыларға қала әкімінің алғыс хаты мен сыйлықтарын табыстады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...