«Turkistan Sky Auto Fest – 2024» іс-шарасы өтуде

Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында «TURKISTAN Sky auto fest – 2024» іс-шарасы басталды. Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара аясында автокөліктер көрмесі, әуе шарларын ұшыру, қолөнершілердің шеберлік сағаттары, гасторномиялық шоу, концерттік бағдарлама ұсынылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Авто фест – бірегей автокөліктер көрмесінде 200-ге жуық ретро және тюнингтелген автокөліктердің эксклюзивті модельдері қойылды. Қонақтар әртүрлі дәуірлер мен стильдердегі машиналарды тамашалап, автошоулар мен байқауларға қатысты. Автокөліктердің ерекше дизайндары, аудиожүйесі мен тюнинг жұмыстарына арналған байқау өтті. Көрермендердің дауыс беруі арқылы ең үздігі анықталып, мараратталды.

Сонымен қатар фестивальде әуе шарларының шоуы, параплан және дельтаплан көмегімен әсерлі түтіндер шоуы ұйымдастырылды. Жаппай аспанға көтерілген шарлар қонақтарға ерекше сезім қалдырғаны анық. Әуе шарын тек тамашалап қоймай, ұшу мүмкіндігі де қарастырылды.

Қоленершілер керамика, ағаш және былғарыдан ұлттық бұйымдар жасау, кілем тоқу, қыш құмыралар дайындау бойынша интерактивті сабақтар өтті.

Тағамдар көрмесінде жергілікті дәмханалар мен мейрамханалар өздерінің тағамдарын ұсынып, аспаздар тамақ пісіруден мастер-класс көрсетті.

Аниматорлар, акробаттар мен от шоуы туристік шараны әсерлендіре түсті. Келушілер түрлі ойындарға, викториналарға қатысып, уақытты қызықты өткізді.

Іс-шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Концертті танымал DJ Shami, DJ Macarella және хэдлайнер Adil жандандырды. Фестиваль екі күнге жоспарланған.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...