Түркістан: Саурандағы «Тоған» су қоймасын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде

Жасыл белдеудегі ағаштардың өнімділігін арттыру үшін облыс әкімінің қолдауымен бірқатар жоба жүзеге асуда. Солардың бірі – Сауран ауданына қарасты «Тоған» су қоймасын қалпына келтіру құрылысы,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа әуежайдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан су қоймасының сыйымдылығы 1,3 млн текше метрді құраған. Қайта реконструкциялау арқылы су сыйымдылығын 2,1 мың м³-ге жеткізу көзделуде. Тоғанға тәулігіне 2,4 м³ су жыл бойы Иқан су өзенінен үздіксіз келіп құйылады.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков су қоймасына барып, құрылысын бақылады. Мұндағы жұмыс «Тұран су» мекемесімен бірлесе жүзеге асуда. Су қоймасы толық қуаттылықта іске қосылған жағдайда жиналған су 22 шақырым қашықтық аралығындағы, яғни жаңа әуежай жолының екі жағындағы ағаш көшеттерін вегетациялық кезеңде суғаруға толық мүмкіндік береді.

Нұрбол Тұрашбеков көктемгі суғару науқанына тоған толық дайын болуы қажеттігін ескертті:

– Жұмыс барысында жобаға қатысты қайта қарауды қажет ететін мәселелер туындаса, шұғыл хабарлауды тапсырамын. Ертеңге немесе елеусіз қалдыратын кезең емес. Жоспар өз нәтижесін беруі үшін бүгінгі тірлік тиянақты болсын, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінгі таңда жасыл белдеудегі ағаш көшеттерін сумен нормаға сәйкес қамтамасыз ету үшін 2019-2020 жылдары қазылған ұңғымалар электрогенератор арқылы тәулігіне 8 сағат жұмыс атқарады.

Мамандардың мәлімдеуінше, ағаш саны артып, жасыл белдеу аумағы кеңейген жағдайда ескі әуежай учаскесіне, «Қосқорған» су қоймасынан келген су арналарына және Қарашық өзенінің бойына орнатылған мотопомпалардың орнына электр насостар орнату арқылы су тапшылығының алдын алуға мүмкіндік бар.

Көтерілген мәселені мамандармен заң аясында зерделеу, қорытындысымен ұсыныс әзірлеу келісілді.

x

Check Also

Түркістан: Сарыағашта мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 5 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округіндегі Жібек жолы, Қарабау, Зортөбе және Сарқырама, Жаңақұрылыс елді мекендері ауыз су ...

Түркістан: Сайрамда ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы саласының мамандарына арналған «Алтын күз – 2025» мерекелік іс-шарасы өтті. Аудан әкімі Мадияр Оразалиев осы салада ...