Түркістан: Сауранда 1,5 млрд. теңгенің жобасына меморандум жасалды

Сауран ауданы әкімдігінде аквапарк салу жобасын жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қойылды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен жоба авторы Надир Абдусаттаров осындай келісімге қол жеткізді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар арасында белгілі бір міндеттемелер мен жауапкершіліктерді айқындап, жобаның табысты жүзеге асырылуына алғашқа қадамдар жасалды.

Аквапарк салу жобасы ауданның экономикасына оң әсерін тигізіп, жергілікті тұрғындардың демалу мүмкіндіктерін кеңейтумен қатар, туристік ағынды арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Әкімдіктің қолдауы жобаның іске асырылуында маңызды рөл атқарады.

Меморандумға қол қою барысында құрылыс жұмыстарының уақыты, қаржыландыру көздері және басқа да маңызды мәселелері талқыланды. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан да маңызды жоба құны – 1,5 млрд. теңге.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...