Түркістан қаласында бой көтеретін сәулеттік жобалар таныстырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан қаласында бой көтеретін сәулеттік жобалар таныстырылды

Түркістанда бүгінде көптеген ғимараттар бой көтеріп, қала көркін аша түсті. Осыған сәйкес құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткізілген мәжілісте сәулеттік жобалар таныстырылды. Өңір басшысы жаңа жобалардың барлығын өзінің бақылауында ұстайтынын жеткізді. Сонымен қатар әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс деді. Тозығы жеткен ғимараттарды қайта қалпына келтіру кезінде, сонымен қатар алдағы уақытта салынатын нысандардың қасбеттері мен қоршауларына және бояу түсіне баса мән беруді, бірізді етуді тапсырды.

Жиын барысында бірқатар жаңа жобалар ұсынылды. Оның қатарында Әкімшілік-іскерлік аумағынан медициналық орталық, Әлқожа ата көшесінен нысандар салу туралы ұсыныс беріліп, ғимараттардың үлгілері көрсетілді. Сонымен қатар айналма тас жолы бойы жаяу жүргінші көпірі айналасын абаттандыру, жол қиылыстарын абаттандыру, Мәдени-рухани орталығына білім беру орталығы, Арбат ойын-сауық орталығы, ыстық су, Сауран қалашығын ашық аспан астындағы мұражай ретінде дамыту жобасы, Тұттыбұлақ, Ақмешіт үңгірін дамытудың жобасы, Екпінді, жол бойына орналасатын сервистік қызмет көрсету жобалары, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы елді мекеніне орналасатын жобалар, Арыстанбаб кесенесі және Отырар қалашығы маңын дамыту жобасы талқыланды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...