Түркістан облысы мұғалімдері арасында алғаш рет Қазақстан заңнамалары мен мұғалім әдебі, ішкі мәдениетінің әлеуетін дамытуға бағытталған Академиялық адалдық марафоны ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оны облыстың Білім беруді дамыту орталығы мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бірлесіп өткізді.
Марафонның басты шарттары – білім беру ұйымында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының орындалуы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының атқарылуы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік орта қалыптастырудағы педагогтардың озық идеяларымен, тәжірибесімен, шығармашылығындағы жетістіктерімен танысу және тарату. Сонымен бірге педагогтың жоғары мәдениеті мен әдебін қалыптастыру көзделген.
Бірінші рет өткізілген облыстық Академиялық адалдық марафонының бекітілген ережесіне сәйкес жеңімпаз педагогтар марапатталды.