Түркістан облысында білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры қаражатының есебінен 9 мектеп ашылған

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді.

Қор қаржысына білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қор құрылған уақыттан бастап еліміздің бірқатар өңірлерінде 92 мың оқушыға арналған 82 мектептің құрылысы қаржыландырылды.

Аталған қордың қолдауымен Түркістан облысында да 9 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Оның сегізінің құрылысы 2023 жылы аяқталып, пайдалануға берілген. Сондай-ақ, биыл қыркүйек айында тағы 1 мектеп қолданысқа берілді. Нәтижесінде жалпы 2 000 оқушы жаңа мектепте білім алуға мүмкіндік алды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...