Түркістан облысында 48 000 жастың қатысуымен профилактикалық дәрістер өткізілген

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында есірткінің заңсыз айналымына қатысты мәселелерді талқылау мақсатында Үйлестіру кеңесі өтті.

Оған облыс әкімі Д.Сатыбалды мен оның орынбасары Бейсен Тәжібанв, полиция басшысы М.Қабденов, прокурор М.Тілеубердиев, ҰҚК басшысы Б.Қалмұрзаев, СЖҚІҚД бастығы М.Төлеубаев, ТЖД бастығы А.Төлешов, ДСБ бастығы А.Байдувалиев және басқа да құзырлы орган басшылары қатысты.

Кездесу барысында нақты есірткіге қарсы іс-қимыл бойынша мәселелер қаралды. Кеңес барысында есірткі, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстар мен атқарылған жұмыстар талқыланды. Орган басшылары тарапынан баяндамалар оқылып, ұсыныстар айтылды.

Мәселен сөз алған облыстық ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов полициямен жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 650-ден астам дерек тіркеліп, 330 келіден астам есірткі тәркіленгенін және есірткі қылмыстарын болдырмау мақсатында 48 000-ға жуық оқушы мен студенттің қатысуымен профилактикалық іс-шаралардың өткізілгенін атап өтті.

Жалпы Түркістан облысының полициясымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында телеграм каналда анықталған 34 интернет дүкеннің қызметі тоқтатылды. Ал киберқадағалау бағдарламасы арқылы 104 сайт бұғатталды.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері жиын барысында нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды, жастар мен оқушылар арасында тәрбие жұмыстарын және дәрістерді бірлесе күшейтуге уағдаласты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте дронның көмегімен 44 жастағы әйел қылмыс үстінде ұсталды

Ішкі істер министрлігінде полиция жұмысының тиімділігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық технологияларды жүйелі түрде енгізу жұмысы жалғасуда. ...

В Шымкенте прошли учения по гражданской защите «Қыс-2025»

В Шымкенте завершились двухдневные городские командно-штабные учения «Қыс-2025», направленные на отработку действий системы гражданской защиты в условиях зимних чрезвычайных ситуаций ...