Түркістан: Аппараттық мәжіліс өтті

Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілісте құқықбұзушылықтар бойынша салынған айыппұлдар туралы есебі мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, халықпен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуы талқыланды.

Жалпы өткен аптада қала бойынша 2412 құқық бұзушылық тіркелсе, оның 543-қоғамдық салада, 1869 – жол қауіпсіздігі бойынша тіркелген.

Қоғамдық орындарды ластағаны үшін ӘҚБтК 434-2 бабы бойынша – 135 хаттама толтырылған. Ал абаттандыру қағидатын бұзу бойынша ӘҚБтК 505 бабына сәйкес 76 кәсіпорынға айыппұл салынған.

Сондай-ақ, қоғамдық орындарда сындыру, ластау фактілері бойынша камералар арқылы кінәлілер анықталып, тиісті шаралар қабылданған.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...