Түркістан: «AlemPay — тиімді, ыңғайлы, қолжетімді»

Түркістан қаласының қоғамдық көліктерінде енді AlemPay карталарын қолдануға болады.

Бұл карталар арқылы оқушылар жол жүру ақысына 35 теңге төлеп, жеңілдікпен жүре алады. Ересектерге арналған карталар да бар. Карта құны – 500 теңге, әрі оны үйден шықпай-ақ, телефон арқылы онлайн толықтыруға болады.

Картаны сатып алу үшін Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, №356 мекенжайына келу қажет.

Бұл жаңа жүйе Түркістан қаласының қоғамдық көлігінде жол жүруді одан әрі ыңғайлы және жылдам етеді!

Сондай-ақ, қоғамдық көлік жолаушыларынан төлемді карта арқылы жасауды сұраймыз.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...