Түркістан әкімі жас мемлекттік қызметкерлермен кездесті

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында түркістандық жас мемлекеттік қызметкерлері мен қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының арнайы кездесу жиыны өтті. Жиында Түркістан қаласының әкімі өзінің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, жас қызметкерлердің сауалдарына жауап берді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда өңірімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткен меритоктария қағидасына аса үлкен мән беріліп келеді. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 40 жас, еңбек өтілі 11 жылды құрап отыр. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген жастардың үлесі айтарлықтай күн сайын артып келеді.

Сондай-ақ, жиында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жастарға беретін мүмкіндігі мен «Өңірлік кадрлық саясат» бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, қалалық әкімдіктегі тәжірибе алмасу мүмкіндіктері мен жаңашылдықтар туралы айтылды.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...