Түркістан: 12 жастағы Келестік оқушы smart сарқыраманың моделін құрастырды

Келес ауданында орналасқан Ә.Молдағұлова атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Әділбек Думан келешекте ақылды үйлерге арналған smart сарқыраманың моделін құрастырды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ерекшелігі – адамдарға бос уақытында судың дыбысынан, табиғаттың көрінісінен, салқын ауада психологиялық тұрғыда демалуына жағдай жасау дейді, — оқушының ғылыми жетекшісі Шамсияат Алтаева.

– Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат ғылымдарын терең меңгергенде ғана біз өзіміздің айналамызды толық зерттеп білеміз. Жалпы ғылымда «дыбыс толқындары» деген ұғым бар. Судың дыбысы егер шамадан тыс аспаса, адам денсаулығына пайдасы бар екендігі медицинада дәлелденген. Сондықтан шәкіртім Думанның, үйлерге сарқырама қою идеясы қай тұрғыдан алып қарасақ та тиімді әрі пайдалы болмақ, – дейді мектеп мұғалімі.

Думан жас кезінен ізденімпаз, талапшыл. Жас ғалым жақында ғана өткен «Зерде» оқушылардың ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанды.

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...