Созақ ауданында «Жайлы мектеп» жобасымен 900 орындық білім ордасы бой көтеруде — Xnews — ақпарат агенттігі

Созақ ауданында «Жайлы мектеп» жобасымен 900 орындық білім ордасы бой көтеруде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында орта білім беру жүйесінің маңыздылығына тоқталып, «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауқымды жұмыстар қолға алынып жатқанын тілге тиек еткен болатын. Бүгінгі таңда ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, республикамыздың түкпір-түкпірінде жаңа білім беру нысандарының құрылысы жүргізілуде.

Мәселен, Созақ ауданының орталығы Шолаққорған елді мекенінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық мектеп салынуда. Су жаңа білім ордасына ағартушы, педогог Ыбырай Алтынсарин аты берілген. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жалпы орта мектебінің құрылыс алаңында болып, мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, білім ордасының құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының ішкі және сыртқы жұмыстарының қарқыны арта түскен. Ғимараттың сыртқы келбеті сәнді әрі заманауи сипатқа ие болуда. Сонымен қатар, құрылыс аймағында абаттандыру жұмыстары да қоса жүргізіліп, аумағына асфальт жабындысы төселіп, көлік тұрақтары ретке келтірілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...