Шымкент қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ХХ-шы маусымы жабылды. Оған өңірдегі белсенді жастар жиналды. «Таза Қазақстан» акциясына жұмыла қатысқан «Жасыл ел» жасағының жастары әр түрлі номинация бойынша марапатталды. 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бірегей жоба жастарды еңбекке араластыру арқылы табиғатты күтіп баптауға баулиды.
Биыл Шымкентте «Жасыл ел» еңбек жасақтарына 1300-ден аса жас тартылған. Олар өңірді абаттандырып, көгалдандыру жұмыстарымен айналысты. Осылайша аймақ жастары қаланың экологиясын жақсартуға үлес қосты. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Алтын Орда» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен маусымдық жабылу салтанаты концерттік бағдарламамен жалғасты.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы орынбасары Заңғарбек Усупахметов тазалық жұмыстарына атсалысып, белсенділік танытқандарды алғыс хатпен марапаттады. Ол өз сөзінде, бүгінге дейін жобаға қатысқан жастар, өзгелерге үлгі екендігін де айтып өтті.
— «Жасыл ел» еңбек жасағаның мақсаты — жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сәйкесінше, жылына қаншама жастарды осы бағдарламаға тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендеді. «Жасыл ел» жасақтары қатарында 2024 жылы маусым — қазан айында 1313 жас жұмыспен қамтылып, арнайы «Жасыл ел» формасымен қамтамасыз етілді,-деді Заңғарбек Нышанбекұлы.
Айта кетейік, жұмыс тобы 5 ауданға бөлініп, күніне 4 сағаттан тиімді, пайдалы жұмыстар атқарды. Оның ішінде саябақтарды жапырақтан тазарту, Ардагерлер үйіне тазалық жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік мекемелердің айналасын тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Еңбек сарбаздары тек тазалық жұмыстарына ғана атсалыспай қалалық деңгейдегі іс-шараларға, түрлі сала өкілдерінің белгілі тұлғаларымен кездесулерге қатысқан.
2 жылдан бері адал еңбекке үлесін қосып жүргендердің бірі, Заңғар Орынбай бұл тек тазалық жұмысымен шектелмейтіндігін айтады.
Айта кетейік, жасақтарда негізінен 16 жастан асқан мектеп оқушылары және колледж, жоғары оқу орнының студенттері жұмыс істейді. Биылғы жылы «жасыл елдіктердің арасында жаңадан келгендер де, көп жыл еңбек еткен жастар да бар.