Шымкент: Қауіпсіз қала — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Қауіпсіз қала

Шаһар тұрғындары үшін жайлылықпен қатар қауіпсіздік те маңызды. Қазіргі таңда жалпы қылмыстардың саны 12,4 пайызға азайды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін биылғы жылы қосымша 1 425 бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков атап өтті.

Қала қауіпсіздігі үшін түнгі жарықтандыру да маңызды. Тұрғындар тарапынан көп көтерілетін мәселелердің бірі осы.

Биылғы жылдан бастап көшені жарықтандыру жұмыстарын он есеге ұлғайтып, 1 528 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде (940 көшеге жарықшам орнатылды).

Сонымен қатар, биыл қоғамдық тәртіпті күшейту мақсатында жаңадан 2 полиция бөлімшесі және 6 мобильді стационарлық полиция пункті іске қосылады.

Одан бөлек, бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Полиция департаментіне лизинг арқылы 120 көлік құралдары алынды.

Әлемде болып жатқан табиғи зіл-зала кесірінен қайғылы жағдайлар көптеп орын алуда. Қаладағы тұрғын жайлар мен сауда орталықтары тығыз орналасқан. Өкінішке орай тұрғындар, сауда және халыққа қызмет көрсету нысандары өрт қауіпсіздігіне бей-жай қарайды. Газбен улану фактілері де болып, қайғылы оқиғалар орын алды.

Сондықтан әкімдік тарапынан бақылауды күшейту мақсатында «Газ инспекциясы» мекемесін құрдық.

Одан бөлек, қаланың өсуіне қарай шұғыл жағдайда өрт сөндіру деполарының мүмкіндігі жетіспейді.

Осыны ескеріп өткен жылы 2 өрт сөндіру депосы іске қосылса, биыл 1 депо пайдалануға берілді.

Шұғыл көмек көрсету қызметтеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында 10 шағын ауданда сервистік орталықтар салу жоспарлануда. Онда полиция, жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметтері орналасады.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар депараментінің өрт сөндіру қызметін толық қамтамасыз ету үшін лизинг арқылы 38 арнайы техникалар алу жоспарлануда.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...