Шымкент: Бүгін А.Диваев көшесіндегі гүлзар пайдалануға берілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Бүгін А.Диваев көшесіндегі гүлзар пайдалануға берілді

Әл-Фараби ауданы аумағында қала әкімінің бастамасымен соғылған жаңа гүлзар ел игілігіне берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Ғабит Әбдімәжитұлы арнайы қатысып, жергілікті халықпен тілдесті. Тұрғындар әсем гүлзардың салынғанына ерекше ризашылықтарын білдірді.

Жалпы аумағы 0,31га құрайтын А.Диваев көшесінде орналасқан гүлзарда шынар, гуджу, каштан ағаш көшеттері мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды. Жалпы 20 көпқабатты тұрғын үй мен 3 300 адамды қамтитын гүлзарда балаларға арналған 2 әткеншек, 1 шахмат үстелі, 2 теннис үстелі, 18 мәрмәрдан жасалған орындық, 13 қоқыс жәшігі, 4 вазон, 34 жарықшам бағанасы, 6 пергола, 14 декоративті тас орнатылды. Құрылыс жұмыстары барысында 1031 ш.м құрайтын аумаққа мәрмәрдан жасалған аяқжол салынып, 1014 ш.м аумақ көгалдандырылды.

Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін 2 велотұрақ, ауызсу бұрқағы және фотоаймақ жасалды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...