Шымкент: Бірінші байлық — денсаулық

Спорт – денсаулық кепілі. Сондықтан бұл саланың дамуына да ерекше мән беріп келеміз. Бүгінгі таңда бұқаралық спортпен шұғылданушылардың үлесі 42 пайызды құрап отыр.

Жыл басынан бері қала спортшылары Қазақстан, Азия және Әлем чемпионаттарына қатысып, жалпы 768 алтын, 642 күміс, 724 қола медаль жеңіп алды (2023 ж. тиісті кезеңінде 728 алтын, 583 күміс, 708 қола).

Биыл жергілікті бюджет есебінен құрылысы басталған 1 750 балаға арналған 2 спорт мектебінің біреуі пайдалануға беріледі (№12 мектепке қосымша құрылысы пайдалануға беріледі).

Жеке инвесторлар есебінен 1 000 адамға арналған «ЕЛАМАН» спорт кешені пайдалануға тапсырылды. Жыл соңына дейін 500 адамдық «SPORT LIFE» шағын футбол орталығының құрылысы аяқталады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықаралық деңгейдегі 35 мың орындық заманауи жаңа стадион құрылысы басталды. Қазіргі таңда жер жұмыстары жүргізілуде.

Әкімдік алдындағы маңызды міндеттердің бірі – мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау, оларға сапалы медициналық көмек көрсетіп, қоғамдық өмірге бейімдеу
Өкінішке орай, бұл санаттағы азаматтардың саны жыл сайын өсіп келеді (2022 ж. – 38 976, 2023 ж. – 40 728, 2024 ж. 10 айы – 41 544 адам).

Сондықтан, бөлінген қаржы көлемі ұлғайтылып (2024 жыл – 12,3 млрд тг, 2023 жыл – 8,2 млрд тг), 38 мыңға жуық әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, биыл заманауи үлгідегі 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталды.

Одан бөлек, №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына 50 орындық қосымша ғимарат салу және №6 орталыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Денсаулық сақтау басты орында екені бәрімізге белгілі. Бұл сала бойынша да қызмет сапасын арттыру қолға алынды
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлемі ұлғайтылып, бүгінде медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту деңгейі 86,5 пайызға жетті (2023 жылға – 83,8%).

2 ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (№1 қалалық клиникалық ауруханасы және жұқпалы аурулар ауруханасы).

Соңғы 2 жылда 13 жекеменшік емхана ашылып, мемлекеттік ұйымдардың орташа жүктемесі 26 мыңнан 21 мыңға азайды.

Биыл 46 дәрігер Ресей, Түркия елдерінің клиникаларында біліктілігін арттырды, жыл соңына дейін 29 дәрігер тәжірибе алмасу курстарына қатысатын болады (Ресей).

Алғаш рет балалар ауруханасы мен перинаталдық орталықта госпитальдық фармация бөлімшелері ашылды. Жыл соңына дейін осындай 5 бөлімше іске қосылады.

Сонымен қатар, биыл балаларға арналған кардиохирургия орталығын ашуды жоспарлап отырмыз.

Жедел жәрдем қызметінің сапасын көтеру мақсатында 23 арнайы автокөліктер алынды.

Жергілікті мамандардың біліктілігімен 828 адамға нейрохирургия отасы және 2 бауыр, 9 бүйрек трансплантациясы жасалды.

Алдағы жылдары 1 көпфункционалды аурухана және 200 орындық жаңа заманауи перзентхана, әрқайсысы ауысымына 500 адамға арналған 4 емхана салу жоспарымызда.

x

Check Also

Шымкентте тағылымды туындының тұсаукесері өтті

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көрермен назарына ұсынылған «Таңдау» толықметражды фильмі ерекше ...

Реновация бағдарламасы: 22 отбасы үйлі болды

Шымкентте тұрғын үй қорын жаңарту-жақсарту, тозығы жеткен үйлерді сүріп, орнына жаңа үй салу үшін реновация бағдарламасы жүзеге асуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі ...