Шымкент: Әл-Фараби ауданы жаңа гүлзармен толықты

Бүгін қоғамдық ортақ пайдалану орындарын қалыптастыру мақсатында С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысында 0,2 га құрайтын аумақта су жаңа гүлзардың ашылуы өтті.

Серуендеу орнында ескі субұрқақ пен көпір күрделі жөндеуден өтіп, канал аумағы толық қоршалды. Заманауи үлгідегі 8 дана орындық, 5 дана қоқыс жәшігі, әткеншектері бар 4 бастырма, 1 үстел теннисі, 4 вазон мен 6 декоративті тас орнатылды.

Сонымен қатар, гүлзарда шынар, гуджу тал көшеттері және көпжылдық гүлдер отырғызылып, 819 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Мұнда қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру үшін тегін автотұрақ салынып, 764 шаршы метр аяқжол төселді. Аталған аумақта халық саны тығыз орналасқан. Жалпы 15 көпқабатты тұрғын үй, 2700 ден аса тұрғын бар.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар ...

Шымкентте қоғамдық көлікте жолақы төлеуге бақылау күшейтілді

Шымкент қаласында қоғамдық көлікте жолақыны төлеу тәртібіне бақылау шаралары күшейтілді. 2025 жылдың маусым айынан бастап «Бақылау-тексеру қызметі» мамандары жолақы төлемеген ...