Сауран: Су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда

Бүгін аудан әкімі жұмыс сапарымен су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарын тексеру мақсатында Шаға ауылдық округінің елдімекендерін аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су жүйелерінің жағдайы мен оларды жаңарту жұмыстарының барысын қадағалау мақсатында ұйымдастырылған сапар барысында әкім жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуын тексерді.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары Құмтүйін және Бершінтөбе елді мекендерінде жүргізілуде. Аталмыш жұмыстардың басты міндеті — су құбырлары жүйесіндегі ақауларды түзету, су берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарға сапалы таза су жеткізу.

Аудан әкімі ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау барысында техникалық талаптарға сай жұмыс істелу керектігін айтты. Сонымен қатар, әрбір тұрғынның сұранысын ескере отырып, жұмысты сапалы әрі уақтылы аяқтау қажеттігін жеткізді. Жұмыстардың сапалы және мерзімінде орындалуы үшін қосымша бақылау шаралары енгізіліп, жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктелді.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...