Сауран: Жүйнек, Қарашық ауылдық округтерін газбен қамту жұмыстары басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: Жүйнек, Қарашық ауылдық округтерін газбен қамту жұмыстары басталды

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірімзде 10 елді мекенге табиғи газ құбыры жүргізіліп, қамтамасыз ету деңгейі 31,4 пайызды құрап отыр. Жыл басында Бершінтөбе, Ибата елді мекендері табиғи газға қосылған.

Бүгін Жүйнек, Қарашық ауылдық округтерін газбен қамту бағытында магистральды және ішкі құбырларының құрылыс жұмыстары басталды. Аудан басшысы Мақсат Таңғатаров елді мекенге арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Ауыл тұрғындары шынайы ризашылығын айтып, Мемлекет және облыс басшылығына алғыстарын білдірді.

Қазан айында басталған газ құбырын жүргізу құрылысы 2025 жылдың қазан айында аяқталу жоспарланған. Жалпы, ұзындығы 45,5 шақырымды құрайды. Жоба құны 5,3 млрд. теңге. Аталмыш жұмыстарды мердігер мекеме «Gas Energy Construction» ЖШС» ЖШС атқарады. Ал, техникалық қадағалаушы «Raymbek company» ЖШС» ЖШС мекемесі жүзеге асырмақ.

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...