Сауран ауданы аумағында күзгі науқандық көшеттер отырғызылуда

Республикалық «Таза Қазақстан эколгиялық акциясы» аясында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың ұйымдастыруымен күзгі көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан бөлінген 21 мың түп ағаш кезең кезегімен егілуде. Аталған жұмыстар Шорнақ, Ескі Иқан және Шаға ауылдық округтерінде жүргізілуде. Маусымдық ағаш отырғызу науқанына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жалпы аудан тұрғындары қатысты.

Іс-шараға 5 бірлік техника, 400-ге жуық адам қатысты. Белгіленген аумаққа арнайы тал егіліп, арықтар қазылып, 8 мыңнан астам тамырлы көшеттер отырғызылды. Күзгі ағаш егу науқаны ай бойы үздіксіз жүргізіліп, ауданымызды жасыл-желекке айналдыру жұмыстары жүргізіледі.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...