Қазақстан мен Мажарстан жоғары білім беру серіктестігін нығайтуда

Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештке сапары аясында Мажарстан Мемлекеттік жиналыс төрағасы Ласло Кёвермен кездесті. Президент Мажарстанға сапары екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын жаңа белеске көтеретінін айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Кездесуде Мемлекет басшысы жоғары білім саласындағы қатынастарды арттыруға баса мән берді. Тоқаев Мажарстанда оқитын қазақстандық студенттер санын көбейту және жастарды қолдауды кеңейту қажеттігін атап өтті.

«Сіздің еліңізде оқитын және білім алуға ниетті жастарды әрдайым қолдаймыз. Бұл байланыстар елдеріміз арасындағы «алтын көпірге» айналады», – деді президент.

Президент білім беру байланыстары мәдени-гуманитарлық қатынастардың дамуына ықпал ететінін және халықтар арасындағы өзара түсіністік үшін негіз болатынын атап өтті.

Тоқаев сауда-экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін белсенді парламентаралық диалогтың маңыздылығын атап өтті. Ласло Кёвер өз кезегінде парламентаралық ықпалдастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, заң шығарушы органдардың ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, Будапештте Президент Мажарстанда оқитын қазақстандық студенттермен әңгімелесті.

x

Check Also

Шәкіртінің ертеңін ойлайтын — ұстаз

№16 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байкісі Ұлдаш Өсерқызы 23 жылдан ұстаздық етуден жалықпай, ...

Ұстаздықпен өрілген өмір

Еңбекті өмірінің мәніне балаған, жас ұрпақтың жүрегіне жарық сәуле себуді мұрат тұтқан жан – №23 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Алдасүгірова ...