Полицейлер фильм көрсету арқылы жастарды есірткіден аулақ болуға шақырды

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы күрес бойынша профилактикалық жұмысты үздіксіз атқарып келеді. Соның бірі облыс орталығындағы «Тұран» сауда орталығының кинотеатрында «Шекер» фильмінің көрсетілімі кезінде ұйымдастырылды.

Фильмді көрсетудің басты мақсаты — жастардың есірткі, оның ішінде «синтетикалық» есірткіні тұтынуға теріс көзқарасын қалыптастыру. Сондай-ақ көрермендерге заңсыз әрекеттерге жоламау туралы ой салуға бағытталды.

Шара барысында тәртіп сақшылары жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, «синтетикалық есірткінің» зияндылығы туралы білуге және оларды қолданудан аулақ болуға шақырды. Көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, естелік сыйлықтар таратты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында жаз мезгілінде өрттің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жасұлан Айнабек мәлімдеді. «Биыл жыл басынан Түркістан ...

Түркістан облысы: Жазғы маусымда 41 мыңнан астам бала лагерьмен қамтылады

Бүгінде Түркістан облысындағы 1 093 мектепте 553 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оның ішінде, 33 884 оқушы 11-сыныпты бітіріп жатыр. ...