«Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған»: волонтер Перизат Қайрат ұсталды

ҚМА еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізілуде.

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.

Қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылды.
Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге «Mercedes-Benz S450», 80 млн теңгеге «Lexus LX-600» және 39 млн теңгеге «Haval» автокөліктерін сатып алды.

Осы кезеңде ол жалпы сомасы 600 млн теңгені құрайтын елорданың премиум санаттағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды.

Сонымен қатар, қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қ. Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы «St. Regis», «Shangri-La», «Palazzo Versace» және «Kempinski» сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған.

Бұл елдерде ол «Cartier» және «Louis Vuitton» сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.
Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың ақшасы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Осылайша, Перизат Қ. өзінің заңсыз әрекеттерімен еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән келтірді және халықтың сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салған.

Күдікті ұсталды.

Егер сіз Перизат Қайраттың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болсаңыз Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе +7 (7172) 70-33-89 (қосымша 21384) телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
_______________
@afm_rk

x

Check Also

Жәнібек Әлімханұлы Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді

Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Астанада өткен бокс кешінде IBF рейтингіндегі 7-орындағы француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді.  ...

27 миллиардов тенге позволил сэкономить пилотный проект ваучерного финансирования детсадов

На совещании в Администрации Президента под председательством Помощника Президента РК Тамары Дуйсеновой рассмотрен ход реализации Послания Главы государства (от 2 ...