Жолдау: Қазығұртта салық саясатына арналған жиын өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Салық саясаты тұрақты болуға тиіс. Сонда бизнес те сапалы дамуға ынталы болады және жауапкершілікпен жұмыс істейді» деген болатын.

Осы орайда Қазығұрт ауданы әкімдігінде аудан басшысының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға әкімдік қызметкерлері, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, ауыл округ әкімдері, сот орындаушылар қатысты.

Аталған жиынның күн тәртібінде ауданның қосымша кіріс көздерін анықтау, салықтық берешектерін өндіру туралы сөз қозғалды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қанат Төлендиев, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мұрат Сәпиев баяндама жасады. Мәжіліс барысында көтерілген мәселе жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өзінің нақты ұсыныстарын айтып, тапсырмаларын берді. Атап айтқанда, көтерілген тақырыптың өзекті екенін ескертіп, салықтың уақытылы төленуін қадағалауды тапсырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...