Жоғары білім саласындағы цифрлы трансформация

Ел Үкіметі Coursera-мен серіктестікте жоғары білім беруді жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асырып келеді.

Шикізаттық экономикадан қосылған құн өндірісіне көшу және COVID-19 пандемиясынан туындаған қиындықтар кезінде елімізде білім беру тәсілін қайта қарау маңызды болды.

Цифрлық дағдылары бар білікті жұмыс күшіне деген сұра­ныстың артуы жоғары білім беруді реформалау қажеттігін көрсетеді. Tableau есебіне сәйкес, 2025 жылға қарай жұ­мыс­шылардың 70%-ы өз қыз­метінде деректерді белсенді түрде пайдаланады, бұл еліміз­дің студенттерді тілдік кедергі­лер, дағдылардың сәйкессіздігі, шектеулі халық­аралық тәжірибе, технологиялық интеграцияны қоса алғанда, заманауи сын-қатерлерге дайын­даудағы күш-жігерінің өзектілігін растайды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атап өткендей, қосылған құн өндірісіне көшуге елімізге білікті жұмыс күші қажет.

Осыған байланысты 2022 жыл­ғы қыркүйекте Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаев Coursera бас директоры Джефф Магджионкалдамен ынты­­мақ­тастық мүмкіндіктерін талқы­лады. Нәтижесінде, Ғылым және жоғары білім министрлігі Coursera серіктесі болды, бұл кибер­­қауіпсіздік және бағдарла­малау сияқты сұранысқа ие салаларда студенттер даярлау үшін кәсіби сертификаттар мен курс­тарды енгізуге мүмкіндік берді.

Аталған ынтымақтас­тық аясында студенттерді кибер­қауіпсіздік, жобаларды басқару, UX дизайны және бағдар­ламалық жасақтама саласындағы мансапқа даярлау үшін кәсіби сертификаттар, курс­тар мен мамандықтар енгізілді.

Жоба бастапқыда 25 универ­ситетті қамтыса, бір жыл ішінде 93 жоғары оқу орнына дейін кеңейді. Coursera курстары студенттерге аралас оқыту мен өз бетінше қатыса алатын курстар ұсына отырып, оқу жоспарларына біріктіріле бастады.

2023 жылы Coursera-ның тәуелсіз 853 курсы 116 университет пәнін алмастырды, ал 3244 курс 1631 пәнге ішінара біріктірілді. Тек 2023 жылы 46 мыңнан аса оқушы түрлі мамандық бо­йынша 73 мың сертификат алды.

«Бұл күш-жігер еліміздің білім беру жүйесін жаңғыртып қана қоймайды. Біз студенттеріміздің жаһанданған цифрлы әлемде табысқа жетуге дайын екені­не көз жеткізгіміз келеді. Бұл еліміздегі білім берудің болашағы және біз осы жолда көшбасшы болуға ұмтыламыз», деді С.Нұрбек.

Қазақстанның біліктілікті арттыру бағдарламасы профессор-оқытушылар құрамы арасында да қызығушылық тудырып отыр. Бұл бағытта 300-ден аса оқытушы өз курстарын әзірлей бастады. Оқу үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мазмұнды жергілікті жағ­дай­ларға бейімдеу үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды.

Қорытындылай келе, жо­ғары білім беруді цифрлық трансформациялау жөнін­дегі Қазақстан бастамасы Үкіметтің, білім беру мекемелері мен бизнестің бірлескен күш-жі­гері арқылы болашақтың сын-тегеуріндеріне дайын жұмыс күшін қалыптастыру мүмкіндігін көрсетеді.

Дереккөз: «Egemen Qaazaqstan» газеті

x

Check Also

1,7 млн оқушы мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылған

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелеріне тоқталып өтті. Мемлекет басшысының ...

Заң және тәртіп: Қазақстанның екі мегаполисінде бет-әлпетті тану жүйесі жұмысын бастады

Ұлттық бейнемониторинг жүйесі Қазақстанның екі қаласында іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Инновациялық жоба Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ...