Жетісайда «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» акциясы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Жетісайда «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» акциясы өтті

Жетісай ауданына қарасты Қарақай ауылдық округі, Сәтпаев ауылдық мәдениет үйі кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» атты облыстық акциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл кітапханалары арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, өз өлкесінің әр саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан бабалар мен отаншыл, елжанды азаматтарды өскелең ұрпаққа таныту, киелі, қасиетті мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасының бастамасымен жүзеге асып жатқан жоба аудан әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, Сарыағаш ауданынан арнайы келген қонақтар қатысты.

Іс-шара барысында жергілікті және отандық, әлемдік ақын-жазушылардың кітаптарының көрмесі ұйымдастырылып, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Жергілікті ұстаз-ақын Сержан Құлдырақұлымен кездесу өтті.

Айта кетейік, бүгінде ауданда 1 аудандық орталық кітапхана, 1 орталық балалар кітапханасы мен 19 ауылдық кітапханалар тұрақты түрде жұмыс істейді. Оларда жыл басынан бері өткізілген 546 іс-шараға 11 781 оқырман қамтылған. Кітапханалардағы 337 390 дана кітаптың 181 734-і қазақ тіліндегі әдебиеттер.

Сонымен қатар қала, кент, ауылдық округтердің аумақтарында орнатылған 50 монументті өнер туындылары мен мемориал тақтайшалардың 14-і Жетісай қаласында, 36-сы ауылдық округтерде. 18-і ҰОС-на арналса, 32-сі қоғам қайраткерлеріне арналған.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...