«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында флешмоб өткізілді

Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «25 қараша – 16 желтоқсан Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы шеңберінде маңызды іс-шаралар өткізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция аясында жастар арасында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту және зорлық-зомбылыққа қарсы қабылданып жатқан шараларды насихаттау мақсатында “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” тақырыбында мектеп оқушыларымен флешмоб ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара жас ұрпақтың құқықтық және моральдық тәрбиесін нығайтуға, сондай-ақ қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыруға бағытталған.

x

Check Also

Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ...

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...