Ел анасы қала әкімінің қабылдауында болды

Түркістан қаласына Қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық «QAZAQSTAN DAUIRI» ЖШС-нің Бас директоры, «Ел-Ана» қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтының бас редакторы Сәуле Мешітбайқызы жұмыс сапарымен келді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елдің анасы атанған ақжаулықты ана қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қабылдауында болып, өңірде атқарылған жұмыстарға өз бағасын берді.

Сәуле Мешітбайқызы Түркістандағы естеліктерімен бөлісіп, өз тарапынан әрдайым ақпараттық және рухани қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізді. Кездесуге қатысқан облыстағы үйлестірушісі, Түркістан қаласының құрметті азаматы Дана Садыққызымен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдарын талқылап, жиын соңында ақ батасын берді.

Сәуле Мешітбайқызы қарапайым мұғалімнен бастап оқу орнының директорына дейін әртүрлі мекемелерде жауапты жұмыс істеп келді. Ақпарат пен журналистикаға кеш келсе де, егде жасында ақпарат саласында басшылық етіп, үлкен мекеменің директоры болып газет пен журналдың тізгінін ұстап, тоқтаусыз шығарып келеді. Осылайша ұрпақ тәрбиесімен айналысып, қызмет атқарып келеді.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...