Бізді бірлікке бастайтын байсалды бастамалар біріктіреді — Xnews — ақпарат агенттігі

Бізді бірлікке бастайтын байсалды бастамалар біріктіреді

Шымкентте қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеуді мақсат тұтқан республикалық лекторий Аймақтық инновациялық университет базасында жалғасуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лекторийде модераторлық жасаған қалалық ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова бірлікке бастайтын байсалды бастамалар қоғамды біріктіретінін айтты. Келер жылы құрылғанына 30 жыл толатын Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қарым-қатынастар саласында маңызды институтқа айналғанына тоқталды.

– Еліміздегі барша этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыұлттық бірлікті бекемдеу, этносаралық қарым-қатынасты нығайту және этнос жастары арасында қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытында жүйелі жұмыс істеп келеді, – деді басқарма басшысы.

Университет оқытушылары мен студенттер алдында этносаясаттың басым бағыттары түсіндірілген лекторийде профессор Тілектес Мейрамов, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, Астана қаласындағы «Ахыска» түрік этномәдени орталығының» төрағасы Аскер Пириев және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-дың департамент директоры, қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, Шымкент университетінің факультет деканы, география ғылымдарының кандидаты Алтынбай Сәулембаев сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікке негізделген саясат аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы маңызды міндеттер туралы лекция оқыды.

Айта кетейік, 13-14 қараша күндері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған лекторийге республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысуда. Екі күнге жалғасқан лекторий бүгін өз мәресіне жетеді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...