Заманауи қондырғы жұмысты жеңілдетті

Шымкент қаласы ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасында қандағы жасушалар санын анықтайтын жаңа жоғары технологиялық DxFLEX ағынды цитометрі іске қосылды. Beckman Coulter (АҚШ) фирмасы шығарған аппарат «LabTech-Qaz» ЖШС демеушілігімен алынды.

Айта кету керек, жа­­ңа цитометр жұ­мыс барысында жа­­суша­ларды зерттейтін флуо­рес­центті ағынды цитометрия әді­сін пайдаланады. Өз кезегінде сынақ нәтижелеріне адам фактор­ларының әсерін азайту мақсатында DxFLEX цитометрі автоматты үлгі жүк­теушімен жабдықталған. Жаңа цитометрдің өнімділігі 23 минутта 32 түтікті қамтиды, яғни зерттеу нәтижелерін жыл­­дам алуды қамтамасыз етеді. Әрі Леви-Дженнингс график­терін пайда­лану жолымен құ­ралдың пара­метрлеріне ішкі зертханалық бақылау жүргізуге мүмкіндік кеңейеді.

Шымкент қаласы ЖИТС-тің алдын алу, оған қарсы күрес жөніндегі орталығының бас дәрігері Б.Сырбектің айтуынша, бүгінде Шымкент қаласының ЖИТС орталығында 1853 нау­қас диспансерлік есепте тұр. Науқас жағдайының ауырлығы, қосалқы аурулардың болуы, ан­тиретровирустық терапия­ны қолдануы ескеріле отырып, зертханалық бақылаулар жүр­гізіледі. Жаңа анализатордың көмегімен алынған зерттеу нәтижелері дәрігерге пациенттің иммундық жағдайы туралы толық клиникалық ақпарат алуға, қажет болған жағдайда, емдеу шараларына уақтылы өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Бұдан өзге, зертхана жұмысында жаңа заманауи зерттеу әдістерін енгізу клиникалық диагностиканы жақсартуға, емдеу тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Сонымен бірге DxFLEX цито­метрін тек АИТВ-мен ауы­ратын науқастарда ғана емес, басқа иммун тапшылығы жағдай­лары, аутоиммунды, аллер­гия­лық патологиялар, онколо­гия­лық аурулар диагностика­сын­да қолдануға болатынын айта кеткен абзал.

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
«Egemen Qazaqstan» газеті

x

Check Also

Түркістан облысында 22 мыңнан астам адамға папиллома вирусына қарсы екпе егілді

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, профилактикалық екпелер жүргізілетін инфекциялық аурулар тізіміне 11 жастағы қыз балаларды папиллома вирусына қарсы вакцинациялау енгізілді. Бұл ...

«Айбын–2025» – жастар рухының жарқын көрінісі!

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №1 Оқушылар сарайында «Айбын–2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының Шымкент қалалық іріктеу кезеңінің салтанатты ...