Түркістанда референдум күні қарсаңында азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Қалада азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Киелі шаһар тұрғындарына арналған жәрмеңкеде ұн, қант, өсімдік майы, күріш және өзге де тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада саудаланған тауарлар келушілердің көңілінен шықты.

№931 сайлау учаскесінде қаламыздың белсенді жеке кәсіпкерлері және Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін референдум қатысушыларына ұсынды.

Референдум күні қарсаңында бұл шара мерекелік атмосфераны құру және сайлаушылардың белсенділігіне қосымша ынталандыру мен ерекше тосынсый болды. Облыс орталығында азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру игі дәстүрге айналып отыр. Бұл – қала тұрғындары мен ауыл еңбеккерлері үшін өте тиімді. Ең бастысы, экологиялық таза, құнарлы да сапалы өнімдер ғана саудаланады. Әрі бағасы да қолжетімді. Жәрмеңке сөрелерінен Түркістан қаласының шаруа қожалықтары мен жергілікті кәсіпкерлер ұсынған ет, сүт, жұмыртқа, өсімдік майы, көкөніс пен жемістің сан алуан түрін арзандатылған бағада сатып алуға мүмкіндік мол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 7:00-ден бастап еліміздегі барлық дауыс беру орындарында Әнұран шырқалып, дауыс беру ресми түрде басталды. Осы орайда Республика бойынша құрылған сайлау учаскелерінің санына тоқталсақ. Түркістан облысында дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны ең көп үштікке кіретіндіктен, мұнда ең көп, яғни, 945 референдум учаскесі жұмыс істейді. Одан кейін Ақмола облысында, 765, Қостанай 736, Алматы қаласында 624 учаске құрылған.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...