Түркістанда Қазақстандық кітапханалық одақтың кезекті көшпелі жұмыс отырысы басталды

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен жыл сайынғы «Қазақстандық кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің кезекті көшпелі жұмыс отырысы басталды.

Салтанатты жиынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшысы Алмаз Мырзахмет және Түркістан облыстық мәдениет басқармасынының басшысы Әзімхан Қойлыбаев ашып беріп, жиынның маңызына тоқталды. Ал журналист, сазгер, профессор Бекжігіт Сердәлі мен ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облысындағы өкілі Айдар Сейдазым өз кезегінде кітапхана ісін атап өтіп, одақ жұмысына сәттілік тіледі.

Жиын барысында Қазақстан Респуликасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық кітапханалық одақтың төрайымы Бақытжамал Оспанова сөз алып, іс-шараның мақсатын атап өтті. Сонымен қатар республикадағы көпшілік кітапханалардың мерейтойлы жылдарымен және кітапханада басшылық жасап жүрген бірқатар жандардың мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар «Кітапхана ісінің ардагері» және «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісімен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева өз кезегіне көшпелі отырыстың әрбір кітапхана үшін тәжірибе екенін, кәсби тұрғыда одан әрі дамуға сеп болатынын айтты. Республикалық «Kitap Time» жалпы кітап фестивалі аясында екінші жыл қатарынан үздігі болып танылған Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасын марапаттады.

Шарада «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің «Жаңа леп» ұжымының әншілері, «Алқоңыр» фольклорлық ансамблі мен «Самғау» би ансамблі өнер көрсетті. Әрі қарай Мархабат Байғұт залында ҚР Ұлттық кітапханасы мамандарының ұйымдастыруымен секциялық жұмыс отырысы тақырыптық семинармен жалғасады. Сондай-ақ екі күнге жоспарланған шара барысында келесі жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының бастамасымен Қазақстанда 89-шы IFIA-ның өтуіне байланысты IFLA-ның Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресін ұйымдастыру және өткізу мәселелерінің дайындық жұмыстары талқыланбақ.

Жиынға «Қазақстан IDLOGIC» ЖШС-тің басшылары, 18 облыстық көпшілік және 3 республикалық кітапхананың, 3 қалалық республикалық маңызы бар орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханаларының, балалар және жасөспірімдер кітапханаларының директорлары мен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының кітапханалар қауымдастығының басшылары қатысып жатыр.

Айта кетейік, «Қазақстандық кітапханалық одақ» Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының бастамасымен кітапханалардың бірлескен қызметтерін ұйымдастыру, кітапханалардың мәртебесін көтеру, олардың заңды, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау негізінде кітапханалардың мүмкіндіктерін кеңейту, соынмен қатар Қазақстан кітапханаларын әлемдік қауымдастыққа біріктіруге жәрдемдесу мақсатында 2017 жылы құрылған болатын.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...