Түркістанда өнер адамдары да дауыс берді (видео)

Түркістан қаласында 62 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр.

Оның екеуі жабық учаске саналады. Шаһарда 125 мыңнан астам азамат дауыс беру құқығына ие. Саяси науқанға қатысуға құқылы тұрғындар таңнан бері референдум учаскесіне барып, өз таңдауларын жасауда. Өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, азаматтық ұстанымын білдіріп жатқандардың арасында өнер адамдары да бар. Түркістандық белгілі композитор, мәдениет саласының үздігі Бекжігіт Сердәлі қаладағы №103 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде 2533 дауыс беруші тіркелген. Бірнеше танымал әндердің авторы жалпыұлттық референдумның ел болашағы үшін маңызды екеніне тоқталып, халықты дауыс беруге шақырды.

Бекжігіт Сердәлі, композитор, мәдениет саласының үздігі:
— Біздің конституциялық құқығымыз ­– міндетті түрде мемлекеттің осындай таңдауын жасау. Сондықтан біз азаматтық борышымызды өтеу мақсатында бүгін референдум учаскесіне келіп тұрмыз. Жалпы еліміздің өркендеуі, дамуы үшін мұндай саяси науқанға белсене атсалысу әрбір Қазақстан азаматының борышы деп ойлаймын. Сондықтан Қазақстан халқын бүгін міндетті түрде үйде жатып алмай, келіп өздерінің таңдауларын жасауға шақырамын.

© «24kz» телеарнасы

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...