Түркістанда көкпаршылар референдумда дауыс берді (видео)

Түркістан облысы Байылдыр ауылының көкпаршылары референдум учаскесіне атпен барып, дауыс берді.

Ұлттық спортты ұлықтап жүрген шабандоздар саяси науқанға үн қосу ниетімен атқа қонған. Үстіне шапан, аяқтарына саптама етік киіп, тобылғы сапты қамшы ұстаған жігіттер саяси науқанның сәнін кіргізді.

Әмірхан Серікбай, Байылдыр ауылының тұрғыны:
— Ат терлетіп, атпен келіп отырмыз ескі салтпен. Әрбір Қазақстан азаматының дауысы есепке алынады деп есептеймін. Өз үлесімізді қосайық деп келіп отырмыз. Өзіміз көкпарға кетіп бара жатқанбыз, біздің ауылда жиі көкпар ұйымдастырылады.

© «24kz» телеарнасы

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...