Түркістанда жаяу жүргіншілер жолағы мен жол сызықтары жаңартылуда

Түркістан қаласындағы Байбұрт, Т.Бокин, Ә.Темір, Т.Нышанов, Қазыбек би, Шекті тілеу, С.Қожанов көшеліріндегі жаяу жүргіншілер жолағы мен жол сызықтары жаңартылуда.

Қалалық «Түркістан жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың соңғы 6 айында Б.Саттарханов даңғылы, Тауке хан, О.Жарылқапов,Төле Би, О.Жандосов көшелерінің 123,28 км жол сызығы, 7334 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолағы, 31000 шаршы метр вело жолақтардың бояуы жаңартылған.

Сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында мектеп пен балабақшалар маңына 350 метрді құрайтын жол кедергісі қойылып, қажетті жол белгілермен қамтамасыз етілді. Жаңа оқу жылы қарсаңында қала мектептері маңындағы жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылды.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...